Бизнес мектебінің ғылыми-инновациялық қызметінің негізгі бағыттары жекелеген оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына сәйкес айқындалды. Соңғы 5 жылда мектеп жүргізген ғылыми зерттеулердің басты назарында Қазақстан экономикасының инновациялық дамуы мәселелері тұрды. Атап айтқанда: аймақтық әртүрлілік контексіндегі Қазақстан экономикасының инновациялық дамуы; агроөнеркәсіптік кешенді әртараптандыру; «жасыл өсу» қағидаттары негізінде экономиканы жаңғырту; индустрия 4.0 жағдайында адами капиталдың сапасы мен дамуы; электрондық бизнесті дамыту; тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін ұлттық инженерлік білім беру моделін құру.

Қазіргі уақытта іске асырылып жатқан ғылыми жобалар (2023-2025 жж.)     

Бұл жоба Қазақстан экономикасының индустриялық-инновациялық дамуы үшін инженерлік білім берудің ұлттық моделін қалыптастырудың стратегиялық тәсілдерін әзірлеуге бағытталған. Жобаның нәтижелері Қазақстанда және шетелде инженерлік білім берудің көшбасшылық позициясын нығайтуға ықпал етеді. Жобаға қатысушылар: Конурбаева Ж.Т., Денисова О.К., Закимова А.М., Козлова М.В., Суйеубаева С.Н., Самусенко Н.А., Рахимбердинова М.У., Сизов М.В.

Халықаралық жобалар:

  • Erasmus+ 610198-EPP-1-2019-1-ES-EPPKA2-CBHE-JP MIETIC (2019-2022 жж.) – Өндірістік кәсіпорындардың кәсіпкерлік қызметін басқару бойынша магистратура бағдарламасын әзірлеу (жоба жетекшісі – э.ғ.к., доцент Конурбаева Ж.Т.).
  • Erasmus-LS (2023-2025 жж.) «Циркулярлық экономика және тұрақты даму бойынша инновациялық оқу бағдарламаларын әзірлеу». Біздің университет бұл жобада грант иегері және негізгі бастамашы болып табылады.

Бизнес мектебінің ғылыми зерттеу бағыттары:

  • Бизнесті дамыту, адами капитал және еңбек нарығын зерттеу мәселелері (жетекші – проф. Нурекенова Э.С.).
  • Жасыл экономика және қаржы (жетекші – проф. Варавин Е.В.).
  • Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы (жетекші – проф. Рахимбердинова М.У.).
  • Қазақстанның технологиялық жаңғыруындағы инженерлік білімнің рөлі (жетекші – проф. Конурбаева Ж.Т.).

Коммерцияландыру бағытында:

2023-2024 ж.ж. 93383/Инициативті жобасы «Қалбы соқпақтары» табиғи жəне тарихи-мəдени кешенініңі туристік əлеуеті тақырыбындағы жоба. Жоба сәтті жүзеге асырылды. Алғаш рет Қалба жотасы бойынша жаңа туристік маршруттар идеясы іске асырылды, олардың қазақстандық және американдық туристер үшін экономикалық және логистикалық тартымдылығы негізделді. Зерттеу нәтижесінде алғаш рет ШҚО «Қалбы соқпақтары» жаңа туристік кешенінің тарихи-мәдени және табиғи аумақтары зерттелді. Сондай-ақ, алғаш рет Калба жотасы бойымен жаяу серуендеуге, атпен серуендеуге және автомобильмен жүруге арналған жеті туристік маршрут жасалды.

Осы жобаны ары қарай «DSR» ХҒЗО қызметкерлері мен бірлесіп, мектеп оқытушылары туризм саласындағы ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру байқауына өтінім берді.

Ғылыми жарияланымдар:

Өткен жылы 70 ғылыми мақала жарияланды, оның ішінде Web of Science және Scopus базаларына кіретін шетелдік ғылыми басылымдарда – 14 мақала.

Ғылыми тағылымдамалар:

31.01.-05.02.2022 ж. – Басқарма мүшесі-академиялық істер жөніндегі проректор Қонурбаева Ж.Т., декан Закимова А.М., қауымдастырылған профессорлар Нурекенова Э.С. және Рахимбердинова М.У.Сантьяго-де-Компостела университетінде (Испания) «Өтпелі экономикасы бар елдер үшін өнеркәсіптік кәсіпкерлікті басқару бойынша магистрлік бағдарламаны әзірлеу Өтпелі экономикасы бар елдер үшін өнеркәсіптік кәсіпкерлікті басқару бойынша магистрлік бағдарламаны әзірлеу» MIETIC жобасын жүзеге асыру аясындағы серіктестер кездесуіне қатысты.

05.05.-14.05.2022 ж. – Варавин Е.В. және Козлова М.В. ЧОУВО « С. Ю. Витте атындағы Мәскеу университетінің» Басқару факультетінде «Бизнестің ESG-трансформациясы» тақырыбындағы 72 сағаттық ғылыми тағылымдамадан өтті (Мәскеу, Ресей).

02.05-13.05.2022 ж. – Мектептің «Өтпелі экономикасы бар елдер үшін өнеркәсіптік кәсіпкерлікті басқару бойынша магистрлік бағдарламаны әзірлеу» MIETC ERASMUS+ жобалық командасы (құрамында: Конурбаева Ж.Т., Закимова А.М., Денисова О.К., Рахимбердинова М.У., Сизов М.В., Байтикенова Г.А.) Испанияның Сантьяго-де-Компостела қаласында аталған жобаны жүзеге асыру шеңберінде оқудан өтті.

13.10.-30.10.2023 ж. – Суйеубаева С.Н., Денисова О.К. және Саденова А.М. Түркия еліндегі Pamukkale University-де «The impact of the quality of human capital on the level of innovative of business structures in the context of the transition to Industry 4.0.» тақырыбындағы 144 сағаттық ғылыми тағлымдамадан өтті.

20.04.-06.05.2024 ж. – Варавин Е.В. және Козлова М.В. Прага қаласында (Чехия) «Еуропалық үздіксіз (қосымша) білім беру институтында» (Evropský institut dalšího vzdělávání z.s.) «Еуропа елдеріндегі шерингтік экономиканың даму үрдістері, сын-тегеуріндері және перспективалары» тақырыбында ғылыми тағылымдамадан өтіп, сертификаттарға ие болды.

14.10.-16.10.2024 ж. – Суйеубаева С.Н., Денисова О.К. және Саденова А.М. ISSTM-TEd 2024 Universiti Teknologi Mara (UiTM) және Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетімен бірлесіп  Малайзияда өткізілген Жоғары білім берудегі трансформацияны басқару мен стратегия бойынша халықаралық симпозиумда «Кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі мен халықтың цифрлық сауаттылығы арасындағы байланыс: Қазақстан Республикасының аймақтық талдауы» тақырыбындағы мақаланы баяндады.

Бірлескен зерттеулер жүргізу шеңберіндегі халықаралық ынтымақтастық:

Мектеп оқытушылары шетелдік ғылыми орталықтар мен университеттердің жетекші ғалымдарымен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізеді: PhD докторы, профессор, Люблин технологиялық университетінің менеджмент факультеті, Кәсіпорынды ұйымдастыру кафедрасының меңгерушісі – Sloniec Jolanta; т.ғ.д., қауымд. профессор; Люблин технологиялық университетінің Машина жасау факультетінің Өндіріс және компьютерлендіру кафедрасының доценті – Arkadiusz Gola; PhD докторы, Памуккале университетінің Экономика және әкімшілік ғылымдар факультетінің қауымдастырылған профессоры – Özay Özpençe; PhD докторы, Памуккале университетінің Экономика және әкімшілік ғылымдар факультетінің қауымдастырылған профессоры – Aylin Idikut Özpençe; PhD докторы, Eramsus+ жобаларын қаржылық, әкімшілік және техникалық басқарумен айналысатын Сантьяго-де-Компостела университетінің Халықаралық жобалар бөлімінің қызметкері – Ángel Duarte, сондай ақ Жоғары экономика мектебі (Мәскеу, РФ), С.Ю. Витте атындағы Мәскеу университеті  (Мәскеу, РФ), Томск политехникалық универсиетінің Инженерлік кәсіпкерлік мектебінің (Томск, РФ) жетекші ғалымдарымен.

Кадрлық әлеуетті нығайту:

2024-2025 жж. аралығында докторлық диссертацияларын қорғауды жоспарлап отырған оқытушылар:

  • Абдрахманова Ж.С. (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ)
  • Саденова А.М. (Торайғыров университеті)

Докторантурада оқып жатқан оқытушылар:

  • Байтикенова Г.А. (ЕҰУ) – «Есеп және аудит» (2023-2026 жж.)
  • Сизов М.В. (Жоғары экономика мектебі, Ресей) – «Менеджмент» (2022-2025 жж.)
  • Бухатова А.С. (ШҚУ) – «Экономика» (2024-2027 жж.)
  • Қайсанова Н.Б. (ҚАЕУ) – «Менеджмент» (2024-2027 жж.)