Кафедраның әдістемелік жұмысы кафедраға бекітілген пәндерді оқытуды жетілдіру, оқу барысын тиімдеу мен қарқындату, оның әдістемелік қамтылуын жақсарту, профессорлық-оқытушылық құрамның педагогикалық біліктілігін арттыруға бағытталған. Бұл жұмыстың маңызды бөлігі кафедраның әдістемелік семинары болып табылады, онда:

  • кафедраның негізгі әдістемелік мәселелері талқыланады;
  • кафедра пәндері бойынша оқу-әдістемелік қамту талқыланады;
  • оқытудың сапасына талдау жүргізіледі;
  • кафедраның ашық сабақтарын талқылау ұйымдастырылады;
  • оқытудың жаңа әдістерін әзірлеу мен оларды енгізу жоспарланып, талқыланады;
  • жоғарғы оқу орны ішіндегі ғылыми-әдістемелік конференциялар мен семинарларды даярлау мен жүргізуге қатысу ұйымдастырылады;
  • озық педагогикалық тәжірибемен алмасу және оны оқытушылардың әдістемелік жұмысына енгізу жүргізіледі.

Кафедраның әдістемелік жұмысы білім беру қызметтерін сүйемелдеу бойынша көпвекторлы процесс, оның мазмұнын төмендегідей бейнелеуге болады:

  • IT-мамандардың құзіретті моделін қалыптастыру мақсатында оқытудың жобалық-ұйымдастырушылық, мәселелік- және тұлғалық-бағдарланған технологияларын енгізуге бағдарланған оқу үдерісінің оқу-әдістемелік инфрақұрылымын құру;
  • білім беру қызметтерінің оқу-әдістемелік және әдіснамалық контенттерін ашық білім жүйесінде қашықтан оқыту технологиясының талаптарына бейімдеу;
  • оқытудың интерактивті жүргізілуі үшін оқу-әдістемелік материалдарды мультимедиялық форматқа көшіру шараларын жүзеге асыру.

Көп дәрежеде түлектердің тұтынушылары жұмыс берушілер болып табылады, себебі нақты экономика саласында түлектердің білімі мен дағдыларын білдіретін білім беру қызметтерінің нәтижесі толық көрінеді. «1С-Рейтинг» ЖШС, «Сигма» ЖШС, «Кәсіпорын KС» ЖШС компьютерлік компаниялары, энергетикалық компаниялар мен байланыс кәсіпорындар, «ҮМЗ», «Қазмырыш», «Өскемен ТМК», «Востокмашзавод» әлеуетті жұмыс берушілермен ынтымақтастығы кәсіпорындар тілектері (талаптары) сәйкес болашақ түлектердің оқу жолдарын бейімдеуге мүмкіндік береді. Болашақ түлектерге сұраныс жасайтын әлеуетті жұмыс берушілердің нарығында белсенді маркетинг кафедраға білім беру сапасын бағалау үшін негіз ретінде түлектердің профессиограммасын әзірлеу мүмкінімен түлектерге талаптарды бейтарап және білікті қоюға мүмкіндік берді.

Өндіріспен және ғылыми саламен байланысты жетілдіруге бағытталған және жоғарғы білімді мамандарды үзіліссіз даярлау тұжырымдамасы талаптарын қанағаттандыратын оқу барысының өндірістік және диплом алды тәжірибелеріне сәйкес әдіснама мен ұйымдастыру-әдістемелік қамтаманы әзірлеуге үлкен көңіл бөлінеді. Бұл кафедраның ғылыми-зерттеушілік жұмыстары нәтижелерін оқу үдерісіне енгізу тапсырмаларын шешуге мүмкіндік береді.

Кафедра студенттерін үзіліссіз тәжірибелік даярлаудың инновациялық моделі кафедра филиалдарымен бірге жүзеге асырылады және онда:

  • ғылыми қызығушылықтарды, өндірісте шешілетін нақты тапсырмаларды және МЖМББ талаптарын ескере отыра тәжірибелер бағдарламасын даярлау және жеке тапсырмаларды қалыптастыру; жеке тапсырмаларды қалыптастырудың басты белгісі кафедра мен өндірістің және студенттерді оқытудың жеке траекториясының қызығушылықтарының түйісуіне максималды бағыттау;
  • әрі қарай курстық және дипломдық жобалауда қолдану үшін автоматизация объектісі туралы материалдарды жинақтау, зерттеудің модельдері мен әдістерін сипаттау мүмкіндіктерін бере отыра тәжірибені кафедра филиалында өткізу; мамандықтың оқу жоспарына кірмеген жаңа IT және сүйемелдеудің инструменталды құралдарын меңгеру; инновациялық және стратегиялық менеджмент, басқару шешімдерін қабылдау және топта жұмыс істей білу бойынша семинарлар, экспресс-курстар, тренингтерге қатысу;
  • тәжірибеден өту нәтижелерін оқытудың барлық түрлерінде, курстық және дипломдық жобалауда, СОЗЖ және СҒЗЖ қолдану; кіреді.