Академиялық қызмет департаменті басқармасы "Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ" КЕАҚ-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады, оның құрамында:
- Оқу үрдісін ұйымдастыру және мониторниг бөлімі (ОҮҰжМБ);
- Тіркеуші офисі (ТО);
- Білім беру технологиялар орталығы (ББТО).
Академиялық қызмет департаменті басқармасы білім беру үрдісін ағымдық жоспарлау, ұйымдастыру және бақылаумен айналысады; сондай-ақ факультеттердің/мектептердің және университеттің басқа да бөлімшелерінің профессор-оқытушылар құрамының оқу жүктемесінің орындалуын жоспарлау және бақылау жөніндегі қызметін үйлестіреді; Академиялық қызмет департаменті басқармасының маңызды жұмыс сәті ол білім алушылардың аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру болып табылады.