Қаржы жоспарлау және талдау бөлімі

Қаржы жоспарлау және талдау бөлімі дербес құрылымдық бөлімше болып табылады және тікелей қаржы және экономикалық қызмет жөніндегі проректорына бағынады.

Басқарма құрамы:

  • Мемлекеттік сатып алу бөлімі
    бөлім бастығының м.а. Тәшібаева Ж.Т.

Басқарма өз қызметінде келесі нормативтік құжаттарды басшылыққа алады:

  • Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің қаржы, салықтар жөніндегі нормативтік актілерімен;
  • ҚР Конституциясы;
  • Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V еңбек кодексі;
  • Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III «Білім туралы» заңымен;
  • Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413 – 1V «Мемлекеттік мүлік туралы» заңымен;
  • Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы №407-IV «Ғылым туралы» заңымен;
  • Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу» Заңымен.
  • Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы»;
  • Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және Мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы»;
  • Уәкілетті органның бұйрықтары мен нұсқаулық хаттары;
  • Университет Жарғысымен;
  • Университеттің есеп саясаты;
  • Ректордың бұйрықтары мен өкімдері;
  • Өзге де нормативтік, құқықтық актілермен;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы әрекеттегі заңнамасын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережесін;
  • Қазақстан Республикасының азаматтық кодексін.

Басқарма университеттің қаржы-шаруашылық қызметін жоспарлаумен және талдаумен айналысады.

Қызмет түрлері және қаржыландыру көздері бойынша университет қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

Университет қызметін талдаудың экономикалық, қаржылық, шаруашылық, жедел, ағымдағы, перспективалық түрлерін қамтитын аналитикалық жұмыстарды орындайды. Университеттің даму жоспарына, Қаржы-шаруашылық қызметіне, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалануға талдау жүргізеді.

Жүргізілген талдаулар негізінде университет қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді.