Қызметкерлермен жұмыс істеу басқармасы Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Жоғары білікті қызметкер қойылған міндеттерді шығармашылықпен шеше алатын, Университеттің негізгі қоры болып табылады
Басқарма жұмысының мақсаты – білім, ғылым және инновациялар саласындағы стратегиялық міндеттер мен мақсаттарды сапалы әрі уақытылы шешу үшін Университетті білікті қызметкерлермен қамтамасыз ету, жоғары оқу орынның инженерлік білім берудегі бәсекелік артықшылығы мен көшбасшылығын қамтамасыз ететін табысты қызметкерлер командасын қалыптастыру.
Алға қойған міндеттерді шығармашылық көрсетіп шешуге қабілетті жоғары білікті қызметкерлер университеттің басты ресурсы болып табылады.
Әрбір қызметкердің өз білімі мен дағдыларын іске асыруы, және де өз әлеуетін өсіріп, университеттің одан әрі дамуына тікелей қатысу мүмкіндігіне ие болуы, біз үшін өте маңызды.
Қызметкерлермен жұмыс істеу басқармасының негізгі жұмыстары:
- Университеттің кадрлық саясатын әзірлеу, жетілдіру және ұйымдастыру.
- Қызметкерлердің кадрлық резервін қалыптастыру және дамыту.
- Университеттің сапалық және сандық қажеттілігіне сәйкес қызметкерлерді іріктеу мен олардың бейімделу жүйесін құру және ұйымдастыру.
- Еңбектің ұйымдастырылуын жетілдіру, жұмыс уақытын пайдалану тиімділігін арттыру.
- Университет қызметкерлерінің әлеуетін іске асыру үшін жайлы орта құру.
- Университеттің корпоративтік мәдениетін жетілдіру.
- Университет қызметін қызметкерлермен жұмыс істеу құжаттамалығымен қамтамасыз ету .
- Еңбек заңнамасына сәйкес қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босату құжаттарын дайындау, лауазымдар бекіту, Университет қызметкерлерінің барлық санаттарына (профессорлық-оқытушылық құрам, әкімшілік-басқарушылық, оқу-көмекші және қызмет көрсетуші қызметкерлер және барлық қажетті кадрлық іс-қағаздар құжаттарын ресімдеу
Өз қызметімізді атқарған кезде, біз университет дәстүрлеріне және адами ресурстарды басқару мен дамыту саласындағы заманауи әдістерге сүйенеміз.