2021 жылдың 25-26 қарашасында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде MIETC жобасы аясында Эразмус+ жобасы серіктестерінің кездесуі өтті. Бұл жобаның мақсаты – студенттерге еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес келетін дағдылар мен құзыреттіліктерді беру үшін Орталық Азия елдерінің университеттерінде өнеркәсіптік кәсіпкерлік саласында адами капиталдың әлеуетін қалыптастыру.
Іс-шараға Испания, Түрікменстан, Тәжікстан және Қазақстаннан «Өтпелі экономикалы елдер үшін өнеркәсіптік кәсіпорындарды басқару бойынша магистратура бағдарламасын әзірлеу» (MIETC) жобасының өкілдері қатысты.
2021 жылдың 25 қарашасында кездесу аясында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетімен бірлесіп жүзеге асырылатын «Технологиялық кәсіпкерлік» ШҚТУ жаңа білім беру магистратурасының мазмұны талқыланды. Жоба серіктестері білім беру бағдарламасының мақсаттары мен нәтижелерін, игерілген құзыреттерді, пәндерді және мақсатты аудиторияны талқылады.
2021 жылдың 26 қарашасында Шығыс Қазақстан облысының мүдделі тараптарымен семинар өтті, онда жобаның Испаниядан келген серіктестері – «AYEconomics» компаниясының өкілдері еңбек нарығының нәтижелеріне талдау жасады. Өз кезегінде жұмыс берушілер кәсіпкерлік дағдылары бар инженерлік кадрларды даярлау бойынша өз ойларын ортаға салды.
«workshop» аясында жұмыс берушілерге нақты істер ұсынылып, олар бойынша әртүрлі шешу жолдары ұсынылды.
Өндіріс қызметкерлері көтерілген мәселелерді белсенді түрде талқылап, студенттер мен магистранттарды оқыту мен тәжірибеден өтуді ұйымдастыру бойынша өз нұсқаларын ұсынды. Барлық ұсынылған шешімдерді жоба үйлестірушілері атап өтті және олар «Технологиялық кәсіпкерлік» білім беру бағдарламасын қалыптастыру кезінде ескерілетін болады.
Шара соңында Эразмус+ жобасының серіктестері мен қонақтары университеттің ғылыми-өндірістік және білім беру инфрақұрылымымен танысты.