Сүйемелдеу және ақпараттық технологиялар басқармасы

Сүйемелдеу және ақпараттық технологиялар басқармасы (СжАТ) Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ құрылымдық бөлімі.

Ақпараттық білім беру технологиялар басқармасы өз қызметін ашық және дистанциондық оқыту аясында жоғары оқу орнына дейінгі, жоғары оқу орнының және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша кадрлар дайындау саласында жүзеге асырады, сондай-ақ білім беру үдерісіне қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды және телекоммуникация құралдарын әзірлейтін және енгізетін құрылым болып табылады.

Ақпараттық білім беру технологиялар басқармасының  қызметінің негізгі бағыты жаңа ақпараттық және инновациялық технологиялар әзірлеу және оларды жоғары оқу орнының оқу үдерісіне енгізу болып табылады:

  • университеттің басқару, бизнес және білім беру қызметі үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және қолдау
  • электронды оқу-әдістемелік материалдар әзірлеу;
  • қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды және телекоммуникация құралдарын пайдаланып, оқу үдерісін ұйымдастыру және басқару жүйесі болып табылатын «ШҚТУ білім беру порталы» жобасын бағдарламалық қамтамасыз ету;
  • дистанциондық оқыту әдістерін қолданып, білім беру үдерісін ұйымдастыру және жүргізу.

Құрылғының міндеттері мен функциялары:

  • білім мен дағдыларды оңтайлы үйретуді қамтамасыз ететін ашық және дистанциондық білім беру қағидалары мен технологияларын қалыптастыру, дамыту және іске асыру;
  • тиімді оқу-кәсіби бағдарламалары мен технологияларын, ең бастысы, дистанциондық білім беру жүйесін құру, дамыту және енгізу бойынша ғылыми, оқу-әдістемелік және практикалық қызмет жүргізу;
  • университеттің қашықтықтан оқыту технологиясын дамыту аясында үйлестіру жұмыстарын жүргізу.