2012 жылдың қыркүйек айының соңымен қазан айының басында ШҚО ІІБ шақыруымен, «Ақпараттық технологиялар және энергетика», «Машина құрастыру және көлік» факультетінің 3-4 курс студенттері, «Экономика және менеджмент» факультетінің «Кеден ісі» мамандығының 1 курс студенттері заң ғылымдарының кандидаты, доцент Сидоренко Т.В., аға оқытушы Габдулина А.О. (Қазақстан тарихы және құқық кафедрасы) басшылығымен «Құқық қорғау органдары» тақырыбында, «Құқық негіздері» пәні бойынша ШҚО –дағы Шұғыл басқарма орталығы және ІІБ - ның тарихи мұражайына барды.
Университет студентеріне құқық қорғау органдарының қызметімен және ШҚО-дағы ШБО-ның жұмыстарымен танысуға үлкен мүмкіндік туды, сондай-ақ олар облыстық ішкі істер органдарының замани технкалық модернизациялық құрылымдық бөлімшесі, түскен істі қабылдау, қылмыс жасалды деп келіп түскен мәліметтерді тіркеуге, сақтауға; «102» байланысына келіп түскен қоңырауларды, қылмысты ашу жөніндегі шараларды қолдану; Шығыс аймағында криминологиялық бақылауды жүргізу істері қалай жүзеге асырылатынымен танысты.
ШҚО ІІБ - ның тарихи мұражайының меңгерушісі Можелева Т.П. студенттерге ішкі істер органдарының шығу тарихы туралы, еңбек сіңірген қызметкерлер, еңбек ардагерлері, «Құрмет кітабына» енген қызметкерлер туралы, өткен жүзжылдықтағы және Тәуелсіз Қазақстанның құқық қорғау органдары жайлы айтып берді.
ШҚО ІІБ басшыларының атынан барлық студенттерге «Шығыстың сақшысы » журналы сыйға тартылды.
Заң ғылымдарының кандидаты, доцент Сидоренко Т.В., аға оқытушы Габдулина А.О.