Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ Берлин Техникалық университеті және Volkswagen қорымен бірлесіп «Орталық Азиядағы экологиялық тұрақты транспорттық жүйені зерттеу» (SUMRICA) жобасының 2-кезеңіне қатысуға байқау жариялайды. Байқауға магистранттар, магистр дәрежелі жас ғалымдар және докторант қатыса алады.
Жобаның екінші кезенінің тақырыбы - қаладағы қолжетімділік және тұрақты мобильділік.
«Орталық Азиядағы экологиялық тұрақты транспорттық жүйені зерттеу» (SUMRICA) жобасының екінші кезеңіне арналған зерттеу салалары келесі тақырыптарды қамтиды:
- Ықшамды/ қолжетімділік үшін алдын-ала шартты хабарлау;
- Қаладағы тұрақты мобильділік аясында оның маңыздылығы мен қолжетімділігі;
- Қолжетімділік аспектісі (уақытша, кеңістік, әлеуметтік, экономикалық, қаржылық, сапасы мен санына қарай);
- Аралас жер құрылымдарын қолдану (мысалы, үй/жұмыстың балансы, автономия ұғымдары);
- Жаяу аймақтар;
- Тұрақты қалалық мобильділік- уақытша аймақтық дискурс, қатысу, парадигмалар, маңызды тапсырмалар, басқару құрылымдары, қызығшылық танытқан тараптарды бағалау, тәжірибелік қол жетімділікті бағалау, мысалы индикаторлар жүйесін дамыту сияқты стратегияның алдын-ала жағдайлары.
- Грант жобаның қатысушыларын Берлиндегі Техникалық Университетінде 3 ай көлемінде тағылымдамадан өтуге қаржыландыруды, сонымен қатар Өзбекстанда өтетін жазғы мектептің жұмысына қатысуды ұсынады.
Грант мөлшері:
- докторантураға түскен немесе түсуге ниет білдіруші магистратура түлектері үшін - сақтандыру және виза шығындарын қоса есептегенде айына 1300 €;
- магистранттар үшін - сақтандыру және виза шығындарын қоса есептегенде айына 1100 €;
Жоба қатысушыларына қойылатын талаптар:
- Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ оқитын докторант, магистр, магистрант қатыса алады.
- Қатысушы ағылшын тілін меңгеру деңгейі B1 төмен болмауы қажет (растайтын сертификат)
- Қатысуға өтініш беру үшін, жобаның сайтынан өтінішті жүктеп алып толтыру керек- https://blogs.tu-berlin.de/ztg_sumrica-project/activities/sumrica-research-stays-phase-2-april-2019-october-2019/
Өтініштер 2018 жылдың 24 қарашасына дейін қабылданады
Егер сізге қызықты болса, біз сізді Г1- 235 ауд. күтеміз!!!!