Мансап жолын бірінші курстан бастауға болады!

3 қарашада «EKTU EduWeek – 2026» академиялық апталығы аясында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Казцинк» компаниясының «K’ADAM» бағдарламасының таныстырылымы өтті.

Іс-шараға университеттің бірінші курс студенттері қатысып, бағдарламаның мүмкіндіктерімен және болашақ кәсіби даму перспективаларымен танысты.

Кездесу барысында студенттерге бағдарламаға қатысу талаптары да түсіндірілді. Атап айтқанда, GPA көрсеткіші 2,6-дан жоғары болуы тиіс, ал шетелдік тағылымдамадан өтуге ниетті студенттердің ағылшын тілін меңгеру деңгейі кемінде B1 болуы қажет.

«K’ADAM» бағдарламасына іріктеу екінші курстан басталады. Сондықтан бірінші курс студенттерінің бағдарламаға қатысу мүмкіндігін ой елегінен өткізіп, қажетті талаптарға алдын ала дайындалуға уақыты бар.

Мұндай кездесулер университет пен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, студенттердің кәсіби дамуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Үлкен жетістіктерге бастар жол алғашқы қадамнан басталады!

Профориентационная презентация «K’ADAM»