Бүгін, 25 сәуір - Дүниежүзілік велосипед күні аясында, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде экологиялық сана мен салауатты өмір салтын дәріптейтін ерекше шара ұйымдастырылды. «Таза Қазақстан» экологиялық апталығы шеңберінде профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер оқу орнына велосипедпен келіп, табиғатты қорғауға және қоршаған ортаға жанашырлық танытуға үн қосты.

Бұл бастама - зиянды көлік шығарындыларын азайтуға, таза ауа мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ денсаулықты нығайтуға бағытталған ізгі қадам.

Велосипед - тек қозғалыс құралы ғана емес, ол - дене белсенділігі мен табиғатқа деген қамқорлықтың нышаны.