Ағымдағы жылдың 25 сәуірі күні, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің аға офицері Г. Бекбаева студенттермен «Адалдық сағатын»  өткізді.

Аталмыш іс-шара Халық қаһарманы Қасым Қайсеновке арналған бейнесабақ форматында ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысушылар Қасым Қайсеновтың өмірі мен ерлігінен мағлұмат алып, оның ҰОС-дағы Жеңіске және еліміздің әдебиетіне қосқан үлесі жөнінде бейнематериалдармен танысты.

Қасым Қайсенов – көрнекті партизан, Кеңес Одағының Батыры және «Халық Қаһарманы» Шығыс Қазақстан облысының тумасы, еліміздің тарихында елеулі із қалдырды.

Бұл бейне сабақтың мақсаты – жастар арасында патриотизм, адалдық және парасаттылық сияқты құндылықтарды насихаттау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті жастарды осы қасиеттердің маңыздылығын түсінуге шабыттандыру үшін сабақты облыстың барлық білім беру мекемелеріне жіберді.

Аталмыш іс-шара студент жастар арасында патриотизм мен еліміздің тарихын құрметтеуге тәрбиелеудегі маңызды қадам болды деген ойдамыз.