18 сəуір күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында акт залында Университетіміздің 60 жылдығына жəне БЛКЖО-ның 100 жылдығына арналған Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ ардагелерінің шығармашылық концерті өтті.
Концерттік бағдарлама доцент, ШҚМТУ Ардагерлер одағының төрайымы Любовь Сергиенконың құттықтау сөзінен басталды.
Кеңес одағы заманында жазылған əндер айтылып, өлеңдер оқылды. Концерт бағдарламасы университетіміздің, еліміздің өткені, қазіргі шағын жəне болашағын байланыстырды. Сондай-ақ көрермендер университетіміздің Кеңес одағы кезеңіндегі орнығуы жайында бейнероликті тамашалады.
Айта кетейік, іс-шара Бастауыш кəсіподақтық ұйымның қолдауымен ұйымдастырылды.
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ Баспасөз қызметі