14-15 сәуірде Алматы қаласында Алматы Технологиялық Университетінде Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының студенттерінің арасында VII -ші пәндік олимпиада өтті. 

Олимпиада 3 турдан құралды: 1 тур - «Өсімдік өнімдерінің қайта өңдеу технологиясы» пәні бойынша тест өткізілді, 2 тур - сапа көрсеткіштерін анықтау үшін зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу, 3 тур- ғылыми -зерттеу жұмыстарын қорғау (реферат). 

Бұл Республикалық олимпиадада 18 жоғарғы оқу орнынан үздік деген 11 команда қатысты.

Біздің Университетіміздің абыройын қорғаған инженерия факультетінің 5В072800 «Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы» мамандығының студенттерінен құралған команда. Команда мүшелері: 4 курс студенті Шабанова Альмира (12-ТЗ-1 тобы), 3 курс студенттері Антропова Юлия, Филатова Татьяна (13-ТЗ-1 тобы) және «Су және орман ресурстары» кафедрасының оқытушысы Лутай Анастасия Олеговна.

VII Республиканская предметная олимпиада VII Республиканская предметная олимпиада VII Республиканская предметная олимпиада

Үш турдың нәтижелері бойынша біздің команда 3 командалық орынға ие болды және III дәрежелі дипломмен, ректордың атына жазылған алғыс хатпен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Болашақта шығармашылық жетістіктер мен жеңістітер тілейміз!

 

«Су және орман ресурстары» кафедрасының ұжымы.