20 қаңтар мен 24 наурыз аралығында Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің Қорының қолдауымен «Болашақтың ғалымдары» атты гуманитарлы, техникалық және табиғы ғылымдар бойынша ең үздік ғылыми жұмыстар бойынша студенттер арасында Республикалық байқау жарияланған. Бұл ғылыми жұмыстардың Республикалық байқауы жыл сайын және екі тур бойынша өткізіледі. 

Бұл байқауға 290 бакалавр және магистратура студенттері қатысып, 233 ғылыми жоба ұсынылды, соның ішінде 18 жеке және 55 колективті жұмыстар болды. Ғылыми жұмыстарды Қазақстан Республикасының 24 ЖОО студенттері ұсынды. 

Байқау жеңімпаздары болып 20 ғылыми жоба атанды. Жеңімпаз болып біздің инженерия факультетінің 6М080700 «Орман ресурстары және орманшылық» мамандығының 2 курс магистранты Никифорова Ксения Викторовна жарияланды. Ғылыми жұмыстың тақырыбы: «Өсімдіктердің жетілуін және өсуін жақсартатын биокомпозиттерді жасап шығару». Ғылыми жетекшілер: «Су және орман ресурстары» кафедрасының қызметкерлері - оқытушылар Лутай Сергей Сергеевич, Лутай Анастасия Олеговна, профессор Воробьев Александр Львович.

Жеңімпаз лауреат медалімен және дипломымен марапатталды.

Гордость факультета Гордость факультета Гордость факультета

Лауреатты және ғылыми жетекшілерді ғылымдағы жоғарғы жетістіктермен құттықтап, болашақта жұмыста, ғылымда және қызметте үлкен жетістіктерге, алда қойған мақсаттарына жетуіне тілектеспіз!

 

«Су және орман ресурстары» кафедрасының ұжымы!