19 сәуір 2016 ж. // Өскеменде «ҚР дуалды оқыту: тәжірибе мен болашақ» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел «Шығыс Қазақстан облысының тұрақты дамуы үшін энергия тиімділігі мен жұмыс орнындағы қауіпсіздік техникасына оқыту» ортақ жобасы шенінде дөңгелек үстел ұйымдастырылған болатын.
Бұл жоба - develoPPP.de (развитие партнерства с частным сектором) бағдарламасының бір бөлігі,
Герман халықаралық қызметтестік қоғамымен (GIZ) Экономикалық даму және қызметтестік федералды министрлік атынан Қазақстандағы АЕS компаниялар тобымен бірлесе іске асып отыр. Жобаның серіктестері Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық Университет, Өскемен Политехникалық колледжі және Шығыс Қазақстан аймақтық басқару органдары.
Дөңгелек үстел қатысушылары мен спикерлері ШҚМТУ проректоры Олег Гавриленко, Қазақстандағы GIZ өкілдігінің басшысы Йорг Пуделька, Қазақстандағы AES Корпорациясының вице-президенті Сергей Зуев, ҚР-да дуалды оқытуды енгізу бойынша халықаралық кеңесші Райнер Гёртц, ШҚО Кәсіпкерлер Палатасы адамзаттық капитал дамыту бөлімінің бастығы Роза Құдайбергенова, Облыс Білім басқармасы жетекшісінің орынбасары Алла Нұрсейітова, сонымен қатар техникалық университет пен колледж өкілдері.
Талқылау тақырыптары дуалды оқыту, AES компаниясының аймақтың энергетика саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлауға қатысуы. Дөңгелек үстелді Сергей Зуев аша отырып, «Біздер ШҚО Кәсіпкерлер Палатасының белсенді қатысуымен көптен бері жергілікті техникалық және кәсіби білім беру мекемелерімен қызметтесіп келеміз. Бұл жұмыс өз жемісін әкелуде: қазіргі таңда компанияның 25% қызметкері - техникалық және кәсіби оқу мекемелерінің түлектері. Біздің GIZ-бен ортақ жобамыз дуалды оқытудың маңызды элементі болып, жас маман-энергетиктерді дайындауда маңызды рөл атқарып, алдағы уақытта аймақтың ғана емес, жалпы республиканың энергетика саласының игілігі үшін маңызды рөл атқарады деген сенімдеміз», - деді.