Д.Серікбаев атындағы мемлекеттік техникалық университеті автоөнеркәсіп кәсіпорындары үшін арнайы мамандар әзірлеуді бастаған алғашқы отандық жоғары оқу орны. 2003 жылы «АЗИЯ АВТОНЫҢ» конвейері іске қосылғаннан бастап ШҚМТУ еліміздегі бірінші автомобиль өндірісі үшін мамандар тәрбиелеп келеді.

2011 жылы университет пен «АЗИЯ АВТО» командасының ынтымақтастығында айтарлықтай оқиға болды: кәсіпорында университеттің «Көлік және логистика» кафедрасының филиалы ашылды. 

Бүгінгі таңда аймақтың жетекші техникалық жоғары оқу орны мен оның көп жылдан бергі ғылыми өндірістік практикадағы серіктесі бірлесе жұмыс істеудің жаңа сатысына аяқ басты. ШҚМТУ Өскеменде «АЗИЯ АВТО ҚАЗАҚСТАН» базасында салынып жатқан ірі машина жасау өндірісінің қажеттері үшін инженер мамандарын даярлауды қамтамасыз етеді.

АЗИЯ АВТО

ШҚМТУ-дың профессорлары мен оқытушылары және магистрлік бағдарламалардың студенттері толық циклді автомобиль заводының және автокомпоненттер шығару жөніндегі технопарктің бөлімдерінде ғылымидағдылану және кәсіби тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болады. Ынтымақтастық жөніндегі келісімге ШҚМТУ ректоры Жасұлан Шаймарданов және «АЗИЯ АВТО ҚАЗАҚСТАН» акционерлік қоғамының басшысы Ержан Мандиев қол қойды.

Келісім аясында сондай-ақ бірлескен ғылыми-эксперименттік және зерттеу жұмыстары ұйымдастырылады. 

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры Жасұлан Шаймарданов атап өткендей, жоба баға жетпес перспективалар ашып отыр - университеттің студенттері мен оқытушылары Қазақстан үшін жаңа автокомпоненттік саланың жасалуына өз үлестерін қоса алады. Мамандықтардың отандық реестрі университеттің білім беру бағдарламаларының тізімі сияқты анағұрлым кеңейетін болады.

Өз кезегінде «АЗИЯ АВТО ҚАЗАҚСТАН» акционерлік қоғамының бас директоры Ержан Мандиев салынып жатқан өндірістің қуаттарында 12 000 - ға дейін жұмысшы- қызметкерлер жұмыс істейді, олардың 1 500-і дипломды инженерлер - конструкторлар, механиктер, химик-технологтар, логистика және ақпараттық технологиялар мамандары. ШҚМТУ-мен бірлесіп жаңа өндіріске қажетті білікті мамандар тобын тәрбиелей алатынына кәсіпорын басшысы сенімді.

Салынып жатқан өндіріс кешенінің жобалық қуаты жылына дәнекерлеу, қорапты бояу және автомобиль құрастыру бойынша 120 000 автомобиль болады. Өндірістің бірінші кезегін іске қосу 2017-2018 жылдарға белгіленген.

«АЗИЯ АВТО ҚАЗАҚСТАН» акционерлік қоғамының жобасы ҚР 2015-2019 жылдарға арналған индустриалдық- инновациялық даму бағдарламасына, ҚР индустрияландыру картасына және басқа да бірқатар мемлекеттік бағдарламаларға енгізілген.

 

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың баспасөз қызметі