«Ұлттық кітап күнін» мерекелеуге орай «EduWeek EKTU - 2025» академиялық онкүндігі аясында университетіміздің ғылыми кітапханасының қызметкерлері «ӘОЖ бойынша кітапханалық квест» интеллектуалды ойынын ұйымдастырды. Білім алушылар үшін бұл жай ғана ойын емес, өз білімдерін көрсету, тапқырлық таныту, командада жұмыс істеуді үйрену, ең бастысы, білім мен кітаптардың таңғажайып әлеміне ену мүмкіндігі болды. Квест қатысушылары қызықты тапсырмаларды, басқатырғыштарды орындады. Әрине, ойынның соңында қатысушылар сыйлықтарға ие болды.

Мұндай шараны өткізу жастардың жанды кітап оқуға деген қызығушылығын арттырады. Сондай-ақ, ұлттық кітапты насихаттау, жас ұрпақты кітап оқуға баулу және мәдени мұраны сақтау да дәріптеледі.

Цифрлық дәуірде ауызекі сөзді сақтау, ана тіліндегі кітаптарды оқу, ұлттық болмысты есте сақтау өте маңызды. Құрметті достар! Ұлттық кітап күні құтты болсын! Баршаңызды осы мерекені сүйікті кітаптарыңызды оқу арқылы атап өтуге шақырамыз!