Сыртқы академиялық ұтқырлық аясында PhD докторы, Ла-Корунья университетінің (Испания) профессоры RICARDO GARCÍA MIRA "Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі" 7М11201 білім беру бағдарламасының магистранттары үшін "Қалалардың ауасының ластануының метеорологиялық әлеуеті және климаттық ерекшеліктері" пәні бойынша сабақтар өткізуде.
Дәрістер мен практикалық жұмыстарда магистранттар өндірістердегі көміртегі шығарындыларын азайтуға, Еуропаның төмен көміртекті экономикасына көшу үшін ұйымдардың қызметін модельдеуге және экологиялық өмір салтының маңыздылығына байланысты заманауи тақырыптармен танысуда. Көмірсутек энергетикасынан баламалы көздерге көшудің салдарына және оның қоғамдық тұрақтылық пен өңірлік дамуға әсеріне ерекше назар аударылуда.
Бұл сабақтар тек кәсіби білімді арттыруға ғана емес, сонымен қатар магистранттар мен халықаралық деңгейдегі жетекші профессор арасындағы тәжірибе алмасуды ынталандыруға ықпал ететінін атап өтуге болады.
Профессордың дәрістері магистранттар үшін өзекті болып табылады, өйткені олар озық экологиялық технологиялар, климаттың өзгеруі және даму стратегиялары бар аймақтағы халықаралық тенденциялар туралы құнды білім алуға мүмкіндік береді. Бұл қазіргі заманғы экологиялық қатерлерді шешу және экологиялық қауіпсіз бастамаларды іске асыру үшін кәсіби құзыреттерді, құралдарды қалыптастыруға ықпал етеді.