Наурызнама онкүндігі аясында 20 наурыз - "Ұлттық спорт күні". Аталмыш мерекеге орай Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері арасында «асық ату» мен «арқан тарту» ұлттық ойындарынан жекелей және командалық жарыстар өткізілді.

Дәстүрлі ойындар - батылдық, ептілік, күш-қайрат, ар-намыс пен жылдамдық сияқты қасиеттерді қалыптастырады. Бүгінгі сайыста өнер көрсетіп, дәл осы қасиеттерді ортаға салған командалар:

  • Жер туралы ғылымдар мектебі
  • Сәулет, құрылыс және энергетика мектебі
  • Халықаралық инженерия мектебі
  • Бизнес мектебі
  • Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мектебі
  • Foundation тыңдаушылары
  • Жоғары IT колледж студенттері

Студент жастар арасында ұлттық спорт түрлерін дәріптеу мақсатында өткізілген сайысқа қатысушыларымыз тамаша дайындықпен келгендігін көрсетті. Қызу тартысқа толы сайыста келесідей жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:

Асық ату (қыздар):

  • I орын - Өмірзах Күнсауле (Foundation)
  • II орын - Аманкел Аймөлдір (Foundation)
  • III орын - Ахметжолова Айсауле (Бизнес мектебі)

Асық ату (ұлдар):

  • I орын - Жеңісұлы Бейбіт (Жер туралы ғылымдар мектебі)
  • II орын - Жырғаубек Нурбулан (Foundation)
  • III орын - Әмірханов Расул (Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебі)

Арқан тарту:

  • I орын - Жоғары IT колледж
  • II орын - Жер туралы ғылымдар мектебі
  • III орын - Сәулет, құрылыс және энергетика мектебі

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!