Құрметті ұстаздар, студенттер және әріптестер!

Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан халқымыз үшін Наурыз - жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы. Бұл - табиғат пен адамзаттың үйлесім тапқан, ынтымақ пен бірліктің жарқын көрінісін паш ететін мереке.

Шығыс Қазақстан техникалық университеті баршаңызды Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтайды! Бұл Ұлыстың ұлы күні әр шаңыраққа құт-береке, молшылық пен шаттық әкелсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, әр күн жаңа жетістіктер мен табыстарға толы болсын. Самарқанның көк тасын еріткен әз-Наурыз мейірімділік пен ізгіліктің бастауы болып, жүректерге жылулық, көңілдерге қуаныш сыйласын!

Ақ мол болсын, жыл ырысты болсын! Наурыз құтты болсын!