Құрметті су ресурстары және суды пайдалану мамандығының студенттері мен оқытушылары! Сіздерді Дүние жүзілік су ресурстары күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл ерекше күн тек су саласының мамандарына ғана емес, барша адамзатқа да маңызы зор. Су - тіршіліктің негізі, өмірдің бастауы. Сол себепті, су ресурстарын тиімді пайдаланудың, қорғаудың және оларды болашақ ұрпаққа сақтаудың маңызы айрықша.
Шығыс Қазақстан техникалық университетінің су шаруашылығы және су пайдалану саласындағы құзыреттер және технологиялар трансфері орталығы және су ресурстары мамандығында білім алып, осы салаға өзін арнаған жас мамандар мен оқытушылардың еңбектері елдің экологиялық жағдайын жақсартуға, табиғатты сақтауға және таза су қорларын қорғауға үлес қосады. Сіздердің осы жолда атқарып жатқан жұмыстарыңыздың нәтижесі қоғамымыздың дамуында маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.
Ел үшін еңбек етіп, жан-жақты білім мен дағдыны меңгеріп, ұрпаққа сапалы білім беріп келе жатқан баршаңызға зор денсаулық, табыс, бақыт пен бейбітшілік тілейміз. Әрқайсыңыздың еңбектеріңізге жеміс, бастамаларыңызға қолдау болсын!