9 желтоқсанда Өскеменде АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен ҚБ "National Alumni Network " ұйымдастыруымен "Transform. Empower. Take. Action. Oskemen" форумы өтті.
Форумның тақырыбы өзекті жаһандық сын-қатерлер және оларға өңірлік жауаптарды іздеу болды. Шақырылған спикерлер қатарында әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, Д. Серікбаев атыңдағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің "DSR" ХҒЗО бас ғылыми қызметкері Элеонора Столярова сөз сөйледі. Оның "гендерлік зорлық-зомбылық пен құрбандық факторлары" туралы хабарламасы үлкен қызығушылық тудырды, бұл өткір мәселені талқылау форум аясында жалғасты.
Студенттер, магистранттар, қоғам қайраткерлері мен сарапшылар, БАҚ өкілдері қатысқан іс-шара бағдарламасы шеңберінде экологиялық күн тәртібі, тез өзгеретін халықаралық жағдайға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері талқыланды. Форумның ерекше өзекті бөлігі ретінде фактчекинг бойынша тренинг қабылданды.
Мұндай іс-шараларды өткізу сындарлы халықаралық байланыстардың дамуына ықпал етеді, жаһандық трендтерге өзінің қатысуын сезінуге, өңірлердің дауысын халықаралық пікірталастарда айтуға мүмкіндік береді, бұл әсіресе жас ұрпақ үшін маңызды.
ХҒЗО "DSR"