13-15 сәуір аралығында Алматы қаласында Республиканың бірінші сәулет-құрылыс жоғары оқу орны - Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының 45 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралар өтті. Іс-шаралар «Сандық сәулет және креативті экономика үшін жасанды интеллект» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын, «Сәулет және құрылыс» және «Дизайн» мамандықтарын даярлау бағыты бойынша Ғылым және жоғары білім министрлігінің оқу-әдістемелік бірлестігінің кеңейтілген отырысын қамтыды. Іс-шара Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен ҚазМСА ректоры Бақтияр Асылбайұлы Сабденалиевтің қатысуымен өтті.
Бұл іс-шараға Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің атынан «Құрылыс» бағыты бойынша ОӘБ мүшесі, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Бекболат Еспулұлы Махиев қатысты. Білім беру ұйымдарының пленарлық және секциялық отырыстарында білім беру бағдарламаларын іске асыруда цифрлық технологияларды пайдаланудың өзекті мәселелері, мамандарды даярлауда жасанды интеллектті қолдану ерекшеліктері, жоғары оқу орындарының дуальді оқытудағы тәжірибесі қаралды, сонымен қатар Республикалық дипломдық аяқтау жұмыстары конкурсының қорытындысы шығарылды.
Еуразияның сәулет-құрылыс және дизайнерлік мектептерінің XII фестивалінің ашылуы және қорытындысы шығарылды. Фестивальде Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Молдова, Литва және басқа да таяу және алыс шет елдердің ЖОО-ның дипломдық бітіру жұмыстары ұсынылды.
Біздің университетте орындалған келесі аяқтау жұмыстары осы фестивальге қатысып, төмендегі дипломдармен марапатталды:
- I дәрежелі (бакалавриат) Маулимгазинов Қайсар (ғылыми жетекшісі Феоктистова Елена Александровна);
- III дәрежелі (бакалавриат) Балбасова Юлия (ғылыми жетекшісі Иноземцева Татьяна Александровна);
- II дәрежелі (магистратура) Дәулеткайырова Надира (ғылыми жетекшісі Хапин Александр Владимирович);
- III дәрежелі (магистратура) Сайранханов Мирас (ғылыми жетекшісі Махиев Бекболат Еспулович).
ҚазБСҚА-мен көпжылдық ынтымақтастығы және ОӘБ жұмысына белсене қатысқаны үшін Б.Е. Махиев «ҚазБСҚА-ның 45 жылдық» мерейтойлық төсбелгісімен және академия ректорының алғыс хатымен марапатталды.
Әріптестерімізді мадақтауларымен құттықтаймыз.