Өскеменде «Балалар жылына» орай ерекше сән және өнер байқауы өтті. «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері әлеум қуаыршақтарының рөлінде сахнада өнер көрсетті.

ШҚТУ «Үміт» балалар үйімен ерекше қарым қатынаста. Сондықтан университет басшылығы мұндай шараны назардан тыс қалдырмай, тәтті таралғыларын, бағалы сыйлықтарын дайындады.

Кішкентай бүлдіршіндер сахнада бар өнерлерін танытты! Кештің құрметті ханзадасы мен ханшайымы болып Германиядан келген «қуыршақтар» танылды. Өзге қатысушыларға арнайы номинациялар, сыйлықтар беріліп, көрермендердің қошеметіне бөленді.