Сіздерді Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!
Тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев –отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы. Тұңғыш Президентіміз ұлтымыздың көреген көшбасшысы ретінде өзінің президенттік жолының ең басында білім беруді негізгі мақсаттардың бірі ретінде белгілеп, Қазақстанның болашағы – жастарға қамқорлық танытқан болатын.
Елбасы мемлекетімізді өркениетті 50, содан кейін 30 елдің қатарына қосылу мұратын ұсынды. Ал оны жүзеге асыратын ғылымы мен білімі дамыған ел болуы керектігі белгілі. Сондықтан Тәуелсіздіктің алғашқы қадамдарынан бастап Нұрсұлтан Назарбаев ғылым мен білім саласын қатар дамыту қажеттігін айтқан еді.
Мемлекеттің барлық даму жоспарларында ғылым саласына зор мән берілетінін және ғылымның жағдайы білім деңгейіне тікелей байланысты екенін айтып өткен.
Бүгінде Қазақстан, қарышты дамуымен дүниежүзін таңғалдырған, өзіндік айқын бағыты бар егемен ел ретінде қалыптасқан мемлекет. Елбасының жүргізген салиқалы саясатының арқасында еліміз әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуда зор жетістіктерге жетті.
Мемлекетімізге одан әрі өрлеу мен өркендеу, әрбір қазақстандыққа – мол табыс, бақ - дәулет тілейміз!