4 желтоқсанда Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да Ғылыми К еңестің кеңейтілген мәжілісі болды, онда университет ректоры Ж.. Шаймарданов Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсу, реформалар, даму» Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және жүзеге асыруға байланысты баяндама жасады.
- Мемлекет басшысының биылғы мерекелік Жолдауы өзінің маңыздылығымен елдің ойында жүрген негізгі проблемаларға жауап береді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, бүгін әлем экономикалық дағдарыс жағдайында өмір сүруде. Әлемнің басынан кешіп отырған ауыр кезең туралы айта келе, Президент бұл қиындықтар қауіп ғана емес, ел мен оның азаматтары үшін жаңа мүмкіндіктер де әкеледі, - деді Жасұлан Құдайбергенұлы.
Ол Жолдауға өзек болған 4 негізгі концептке барынша көңіл аударды. «Қазақстан-2050» Стратегиясы, Жалпыұлттық Мәңгілік Ел идеясы, Жалпыға бірдей еңбек қоғамына 20 қадам, 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам
ұлттық жоспары, сондай-ақ бес нақты шараны қамтыған дағдырысқа қарсы стратегияға тоқталды.
- Президент Жолдауы білім беруге, ел экономикасы үшін білікті кадрларды әзірлеуге қатысты бірқатар мәселелерді қозғады, - деді Жасұлан Құдайбергенұлы. - Ақысыз негізде базалық техникалық білім беруді енгізу жөнінде әңгіме көтерілді. Бұл дер кезінде қабылданған шешім: жастар оқи алады, ал өндірушілер білімді жұмысшы қабылдайды, сөйтіп шетелдіктерге тәуелді болмайды.
Онан әрі ол ҚР Президентінің жолдауындағы негізгі мәселелерді жүзеге асыру және университетке қатысты Жолдаудағы дағдарысқа қарсы стратагемаға тоқталды.Президент Жолдауы университет ұжымы алдына нақты міндеттер қойып отыр.Жолдауды жүзеге асырудың екі сатысы белгіленді :1/ «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда : өсім, реформалар, даму»Жолдауын түсіндіру/ 2015 жылғы желтоқсан-2016 жылғы қаңтар/ және 2/Жолдаудың негізгі ережелерін жүзеге асыру /ақпан-желтоқсан 2016 жыл/.
Алдағы міндеттерді орындау үшін университетте толық мүмкіндік бар.Жаңа оқу жылынан бастап университет жанында Жоғары колледж жұмыс істей бастайды,болашақта осы колледж түлектері есебінен ЖОО-да студенттер санын арттыруға болады.
Келесі жылы «Серпін» бағдарламасы бойынша еңбек ресурстары артық аймақтардан студенттер қабылданбақ.
Ректор Жасұлан Шаймарданов университеттің әлеуметтік саясаты жақсы нәтиже беруде деді.Қарашада ЖОО қызметкерлерінің еңбекақысы едәуір өсті.Декандардікі-30 пайыз, ,олардың орынбасарларынікі-25 , кафедра меңгерушілерінікі -43 пайыз.Еңбекақыға қосымша дифференциалды болуы керек-ол әр қызметкердің еңбек белсенділігіне байланысты болуы тиіс.Барлық шаралар өмір сапасын жақсартуға бағытталуы қажет.
Ғылыми кеңес қабылдаған шешімде Жолдауды түсіндіріп,жүзеге асыру жөніндегі шараларды бекітіп,Мемлекет басшысының жаңа міндеттерін толық қолдады.