Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті «Астана» Халықаралық қаржы орталығы алаңында жүзеге асырылатын «Ұлттық цифрлық мансап орталығы» пилоттық жобасына кірді.

25 қараша күні Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен жобаның салтанатты іске қосылу шарасы өтті. Жиынға АХҚО басқарушысы Қ. Келімбетов, жобаның алғашқы қатысушылары болып табылатын қазақстандық 6 жоғары оқу орны, олар: Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Павлодар педагогикалық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеттері қатысты.

Жобаның негізгі мақсаты - студенттерді жұмысқа даярлаудың жүйелі тәсілін қамтамасыз ету және түлектердің жұмысқа орналасу деңгейін арттыру.

Жоба ЖОО студенттерінің бірыңғай дерекқорын құруды, жұмыс берушілер мен мемлекеттік органдар үшін орталықтандырылған қолжетімділікті, жобаның барлық қатысушылары үшін оқыту контентін, деректер жинау және өңдеу, талдау ұсынуды көздейді.

Жоба нарықтағы мамандықтар бойынша талап етілетін өзекті білім мен дағдыларды айқындауға мүмкіндік беріп, елдегі жас мамандарды және сұранысқа ие мамандықтарды жұмысқа орналастырудың объективті көрінісін ашып, жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламаларының сапасын бағалауға және тағылымдамалар мен практикалардың өту тиімділігін арттыруға мүмкіндігін арттырады.

АХҚО басқарушысы Қ. Келімбетов айтып өткендей: «Бюро тұжырымдамасы әу баста қаржы орталығы мен мүшелерінің ішкі қажеттіліктерін шешуге бағытталған ұйым ретінде қарастырылды. Алайда, Бюро АХҚО юрисдикциясында сәтті локализациялаған халықаралық тәжірибелер, сараптама және тәжірибе бүкіл елдің игілігі үшін қаржы орталығынан тыс сәтті интеграциялануы және масштабталуы мүмкін екендігі белгілі болды».

АХҚО экожүйесі құрылған сәттен бастап қаржы орталығының алғашқы құрылымдық бастамаларының бірі жеке жұмыс органын, адами капиталдың сапасын жүйелі түрде арттыруға бағытталған Үздіксіз кәсіптік даму бюросын (BCPD) құру болды. BCPD-де тоғыз құзыреттілік орталығы жұмыс істесе, 20 бірлескен білім беру бағдарламалары мен бастамалары әзірленді және іске асырылды, 1000-нан астам қызметкерлер мен жоғары оқу орындарының студенттері қайта оқытылды.

"Ұлттық цифрлық мансап орталығы" студенттерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесудің толық цифрлық, әмбебап құралына айналады. Мансаптық бағдарлау жөніндегі бағдарламаларды күшейтуге, сондай-ақ түлектердің болашақ мамандығы, жергілікті және халықаралық еңбек нарықтарының талаптары туралы объективті түсінігін қалыптастыруға көмектеседі деп жоспарлануда.