Түрлі медиа алаңдарда жүйелі ғылыми-ағартушылық және ғылыми-танымал ету қызметі Д. Серікбаева атныдағц ШҚТУ-ің "DSR" Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Жақында орталықтың басшысы Жанна Әубәкірова, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қазақстанда танымал YouTube-арнаның сарапшысы ретінде сөз сөйледі. Қазақстандағы демографиялық процестерге арналған бейнероликте ол репродуктивті мінез-құлық саласындағы әлемдік трендтер және урбанизация процестерінің туу көрсеткіштеріне әсері туралы айтты.

ALTAI TV телеарнасында ғылым күніне арналған "Жаңа Қазақстан" бағдарламасының арнайы шығарылымы шықты. Тікелей эфирге шақырылған қонақ – әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, "Digital Social Research" ХҒЗО бас ғылыми қызметкері Элеонора Столярова болды. Мүдделі диалог барысында көптеген маңызды және өзекті тақырыптар көтерілді – Қазіргі әлемдегі ғылымның рөлі, қазақстандықтардың бірнеше ұрпағы мысалындағы әлеуметтік өзгерістер, "ақпараттық революция" контекстінде қоғамда туындайтын мәселелер мен алаңдаушылықтар, жастарды кәсіби даярлау мен экономикалық өзін-өзі жүзеге асырудың жаңа тәсілдері. Э. Столярова ғылыми-зерттеу орталығының жұмысы, қол жеткізілген нәтижелер және одан әрі ғылыми ізденістердің перспективалары туралы айтып, әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуде ғалымдар мен мемлекет арасындағы табысты әріптестікке үміт білдірді.

«DSR» ХҒЗО-ғы

Мазмұнды көруге арналған сілтемелер: