Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да «Күміс университет» жобасының екінші маусымы сәтті аяқталды. Осы маусымда қатысушылар «Қазақ тілі», «Ағылшын тілі», «Цифрлық сауаттылық», «Сауықтыру» және «Құқықтық қаржылық қауіпсіздік» сияқты бес негізгі бағдарлама бойынша өз білімдері мен дағдыларын тереңдетуге мүмкіндік алды.
«Күміс университеті» жобасы белсенді ұзақ өмір сүруді қолдауға және аға буынның өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Жобаға қатысушылар қазіргі жағдайда өздерін сенімді сезінуге және қоғам өміріне белсенді қатысуға көмектесетін құнды білім мен дағдыларға ие болды.
«Қазақ тілі» бағдарламасы аясында тыңдаушылар мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыра алды, бұл қарым-қатынас пен қоғамдық өмірге қатысу үшін жаңа мүмкіндіктер ашты. «Ағылшын тілі» бағдарламасы қатысушыларға көкжиектерін кеңейтуге және тілдік дағдыларын жақсартуға мүмкіндік берді, бұл әсіресе жаһандану жағдайында маңызды. «Цифрлық сауаттылық» бағдарламасы заманауи технологиялармен және интернет-ресурстармен жұмыс істеуге үйретуге арналды. Қатысушылар күнделікті өмірде цифрлық құралдарды қауіпсіз және тиімді пайдалануды үйренді. «Сауықтыру» бағдарламасы бойынша сабақтар физикалық жағдайды жақсартуға және денсаулықты нығайтуға көмектесті, ал «Құқықтық қаржылық қауіпсіздік» бағдарламасы өз құқықтарын қорғау және қаржылық ресурстарды басқару үшін қажетті білім берді.
- Құрметті «Күміс университетінің» тыңдаушылары, Сіздерді ректор атынан, бүкіл университет атынан курстардың сәтті аяқталуымен құттықтаймын! Сіздерге денсаулық пен отбасыларыңызға амандық, күш-қуат тілейміз. Жаңа оқу жылында кездескенше!», деп өз тілегін басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректор Асия Машекенова білдірді.
«Күміс университетінің» тыңдаушыларына сертификаттар табыстаумен қатар, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ басшылығы курстарды жүргізген оқытушыларды алғыс хаттарымен марапаттады. Олардың қатарында: тілдік құзыреттілік орталығының аға оқытушысы Фарида Байбатанова, тілдік құзыреттілік орталығының оқытушысы Әлия Бакиева, тілдік құзыреттілік орталығының аға оқытушысы Галина Михайлова, денсаулық және спорт орталығының фитнес нұсқаушысы Дарья Альтемирова, Бизнес мектебінің қауымдастырылған профессоры Татьяна Сидоренко, цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебінің аға ғылыми қызметкері Мадина Ракышева. Университет әкімшілігі мен оқытушыларға алғыс білдіргеннен кейін жоба қатысушылары сөз сөйледі.
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ барлық қатысушылар мен оқытушыларға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреді және оқыту мен тұлғалық дамуда биік шыңдарға жетуіне тілектестігін білдіреді!