Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері мен қызметкерлерінің дене, психикалық және рухани денсаулығын жақсарту мақсатында 2026 жылғы 14 қаңтарда Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Жоғары IT колледжінің базасында тоғызқұмалақтан облыстық спартакиада өтті.

Спорттың бұл түрінен жарысқа облыстың 11 колледжінен 56 педагог пен қызметкер қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте:

  • І орын - Риддер колледжі;
  • ІІ орын - Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің жоғары IT колледжі;
  • ІІІ орын - Марқакөл ауылының мектеп-интернат-колледжі иеленді.
Жеңімпаздарды құттықтай отырып, болашақта табыс тілейміз!