Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-ға 17 сәуірге дейін жалғасатын университеттің білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу бойынша сыртқы аудит жүргізу үшін «САААЕ» сарапшылар тобы келді.
«САААЕ» сыртқы сараптама комиссиясының халықаралық аккредиттеуі 6 білім беру бағдарламасы бойынша өтеді:
- 6В04104 — Кәсіпорындағы есеп, талдау және аудит;
- 6В04106 — Ғылымды қажетсінетін кәсіпорындардың қаржысын басқару;
- 7М04106 — Кәсіпорындағы есеп және аудит;
- 7М04112 — МВА жобаларды басқару;
- 7М07109 - медициналық инжиниринг (медициналық техника);
- 7М08301 - Орман ресурстары және орман шаруашылығы.
Әріптестерімізге білім беру бағдарламаларын сырттай бағалау рәсімінен сәтті өтуін тілейміз.