2025 жылғы 21-25 сәуір аралығында Қытай Халық Республикасының Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданына қарасты Қарамай қаласында цифрлық технологиялар саласындағы кадрларды даярлау мен дамытуға арналған халықаралық семинар өтуде. Бұл іс-шара Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШОС) аясында ұйымдастырылған.
Семинардың ұйымдастырушысы – Қытай-ШОС Үлкен деректер саласындағы ынтымақтастық орталығының Синьцзяндық қосалқы орталығы. Бағдарлама ШОС-тың «ШОС ағашы» бастамасы аясында жүзеге асырылып жатыр және бес күндік оқу курстарын, елдер арасындағы тәжірибе алмасуды, сондай-ақ Қытайдың IT-хабтары мен Цифрлық даму индустриалды паркімен танысуды қамтиды.
Аталған семинарға Шығыс Қазақстан техникалық университетінен екі маман қатысуда:
- Четтыкбаев Руслан Қайратұлы, ВКТУ-дың Ақпараттық технологиялар саласындағы құзыреттілік және технология трансфері орталығының басшысы,
- Дидар Мұратұлы, Oskemen hub жетекшісі, Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебінің аға оқытушысы.
Шараға сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресейден келген делегаттар қатысуда. Бұл ШОС елдерінің өзара ынтымақтастығының маңыздылығын айқындап, халықаралық семинардың ауқымын арттыра түсті.
Салтанатты ашылу рәсімінде Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданының басшылығы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.