2022 жылдың 27 мамырында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Кәсіпкерлік мектебі Рубцовск (РФ) қаласында «Ресей мен шет елдердегі экономиканың және менеджменттің даму болашағы және мәселелері» тақырыбында өткен халықаралық ғылыми тәжірибелік конференцияға қатысты. Іс шара Рубцовск индустриялды институты алаңында ұйымдастырылды.

Конференцияға университет тарапынан Рахимбердинова М.У. жетекшілігімен, «Инновация экономикасы» мамандығының 2 курс магистранты, С. Д. Әділов қатысып, экономика және басқару мәселелері бойынша маңызды баяндамалар оқылды.

Конференция қорытындысында ғылыми саладағы ынтымақтастық пен әрекеттікті бекітіп, ортақ іске жұмыла білу керектігі туралы пікірлер айтылды.

https://www.rubinst.ru/news/itogi-xiv-mezhdunarodnoy-nauchno-prakticheskoy-konferencii-problemy-i-perspektivy-razvitiya