ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында 2-3 желтоқсан аралығында "Qazaqstan Project Management Awards-2022" форумы өтті.

Форумда мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор, жоғары оқу орындары өз жобаларын таныстырды.

Айта кету керек, барлық жобалар бірнеше кезеңнен өтті: есеп түрінде өтінім беру, халықаралық деңгейдегі бағалаушылардың талдауы, менеджерлермен және бағалаушылармен жобамен әңгімелесу және қорытынды кезең – ҚР Президенті жанындағы МБА-да жобаны таныстыру және қорғау.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек алғы сөзінде BANI, құбылмалы, оң-солы анықталмаған, күрделі әлемде өмір сүріп жатқанымызды айтты. Мұндай жағдайда нәтижелі басқарманың құралы ретінде жобалық басқарманы тануымыз абзал.

Жобалық басқару біздің университетке не берді?

Біріншіден, даму бағдарламасын іске асырудағы жүйелілік. Екіншіден, көлденең басқару формасына көшу, үшіншіден, өзгерістерге бейімделу. Ең бастысы, процестерді басқаруға көбірек қызметкерлер мен студенттерді тарту.

«Еktu. otbasy – ырыс-береке аймағы*Well being" Қазақстан жоғары оқу орындарын арасындағы «Үздік жыл жобасы» номинациясы ретінде мойындалды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл жоба университет қоғамдастығы мүшелерінің жан-жақты дамуы үшін қолайлы ортаны қалыптастыруға бағытталған. "Адам орталықтандырылған" корпоративтік мәдениетті іске асыру үшін: эмоционалдық, зияткерлік, физикалық және шығармашылық жағдайдың тепе-теңдігі; бұқаралық спорт пен денсаулықты қолдау және ілгерілету, қолайлы ортаны қалыптастыру, саналы (экологиялық) тұтыну мәдениетін көтермелеу бағдарламалары.

Жеңімпаздарды ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, IPMA кеңесінің төрағасы Рейнхард Вагнер, Prince2 курстары жобаларын басқару әдіснамасы бойынша жетекші жаттықтырушы Пол Брэдли құттықтады.