Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да «Конфессияаралық қатынастардың қазақстандық моделін қалыптастырудағы Тұңғыш Президенттің ролі» деген тақырыпқа  дөңгелек үстел өтті. Оған мемлекеттік органдар мен дін өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар, оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Бас қосуда ШҚМТУ - дың кафедра меңгерушісі Нелли Краснобаева, ШҚМТУ доценті Элеонора Столярова, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың кафедра меңгерушісі Оксана Морозова және басқалар сөйледі.