ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Серпін» бағдарламасы бойынша білім беру гранттары туралы ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ағымдағы жылдың 10-14 маусым аралығында Түркістан облысында жоғары білім көрмесі өтіп жатыр.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ өкілі, кәсіптік бағдар беруші Әсел Дауылбаева университетке түсу мүмкіндіктері туралы қатысушылармен бөлісті. Шараға мектеп түлектері қатысып, сұрақтарына жауап алуда.

Сонымен қатар, қонақтар үшін ұтыс ойындары мен викториналар өткізілді. Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ өкілдері мектеп бітірушілерге арнайы сыйлықтарын табыс етті.