Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да «Экологиялық кәсіпкерлікке арналған білім трансформациясы: өңірлік тұрақтылық стратегиялары» тақырыбында онлайн-воркшоп өтті, онда экологиялық кәсіпкерлікке оқытудың жаңа тәсілдері талқыланды.

Іс-шараға Орталық Азия елдерінен 60-тан астам қатысушы, оның ішінде оқытушылар, кәсіпкерлер және түрлі салалар мамандары қатысты. Воркшоп ERASMUS+ CBHE CirculEC ірі жобасының бөлігі болып табылады. Жоба өңірдегі жоғары оқу орындары үшін инновациялық оқу бағдарламалары мен адами капиталды дамытуға бағытталған.

Воркшоп барысында қатысушылар циркулярлық экономика бойынша заманауи білім беру курстарымен танысып, экотехнологияларды кәсіпкерлік қызметке енгізу тәжірибесімен бөлісті. Экологиялық кәсіпкерлікке қажетті дағдыларды дамыту шараның маңызды бағыты болды, себебі ол тұрақты дамудың негізгі элементі болып саналады.

ERASMUS+ CBHE CirculEC жобасын басқару Santiago de Compostela университеті (Испания) мен Alikhan Bokeikhan University (Қазақстан) жетекшілігімен жүзеге асырылады. Жоба Орталық Азия жоғары оқу орындарының жаңа сын-қатерлерге бейімделуіне көмектесіп, студенттер мен оқытушыларға жаһандық еңбек нарығында сұранысқа ие білім мен дағдыларды ұсынады.

Воркшоп еуропалық үздік тәжірибелер мен экологиялық ауысу мүмкіндіктерін талқылайтын алаңға айналды. Қатысушылар іс-шараның бірегейлігін атап өтті: ол кәсіби құзыреттілікті арттырып қана қоймай, өңірлік тұрақтылықты нығайту стратегияларын талқылауға мүмкіндік берді.

Ұйымдастырушылар мұндай бастамалар жаңа буын мамандарын дайындауда және жаһандық экологиялық мәселелерді шешуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. ШҚТУ білім беру үдерісіне инновацияларды енгізуді жалғастырып, Орталық Азияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі ретіндегі мәртебесін растап келеді.

/divisions/interndep/intern_space/erasmus_circulec/links/event.aspx