Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Тілдер құзыреттілік орталығының орыс тілі пәнінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Окушева Кульсун Капасовнаның мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен отбасына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Бұл орны толмас қазада сіздердің қайғыларыңызға шын жүректен ортақтастығымызды білдіргіміз келеді. Бұл - бәріміз үшін мезгілсіз келген қайғы-өкініш...

​Кульсун Капасовна біздер үшін тек әріптес қана емес. Ол - үлгілі ана, бақытты әже, мейірімді жан, ақылшы дос болды. Білікті-білімді еңбегімен қызмет еткен, ұжымымызға сіңірген зор еңбегі жадымызда мәңгі сақталады.