2025 жылғы 1 қазанда Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ұйымдастыруымен өткен «Инвестициялық жобаларды модельдеу» семинары аясында «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясының мамандары БГП-да іссапармен болды.
Қонақтар карьердің бақылау алаңында болып, өндірістік жұмыстардың ұйымдастырылу барысымен танысты, сондай-ақ автоматтандырылған диспетчерлеу жүйесіндегі өндірістік үдерістердің цифрлық моделін тамашалады. Заманауи технологиялардың қолданылуы мен кәсіпорындағы жоғары деңгейдегі автоматтандыру мамандарға зор әсер қалдырды.
Сапар барысында «Тау-Кен Самұрық» АҚ өндірістік департаментінің жобалар портфелін басқару жөніндегі жетекші менеджері Ербол Түсіпбеков өндірістік алаңның ұқыпты жағдайын, карьер жолдарының сапасын және техниканың ұйымдастырылуын жоғары бағалады. Ол карьер бастығы Асхат Жақияновқа мазмұнды таныстырылымы үшін алғыс білдіріп, БГП ұжымының кәсібилігін атап өтті. Әріптестері Гаухар Қасымбекова мен Ләйла Карменовамен бірге кәсіпорынға табыс пен өркендеу тіледі.
Компания мамандары сондай-ақ сапарды ұйымдастырғаны үшін Шығыс Қазақстан техникалық университетіне ризашылықтарын білдіріп, ВКТУ мен БГП арасындағы серіктестік байланыстардың білім мен өндірісті ұштастыруда, тәжірибе алмасуда және тау-кен саласына инновация енгізудегі маңызын атап өтті.