Түркістан қаласында 2025 жылдың 10 мамыр-14 маусымы аралығында Халықаралық туризм және меймандостық университетінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында XIII жазғы Универсиадасы өтуде.

Бүгін Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ құрама командасы қатысқан жеңіл атлетика жарысы өз мәресіне жетті.

Жарыс 21-22 мамыр күндері 24 жоғары оқу орнының спортшылары қатысуымен «Түркістан Арена» спорт кешенінде өтті.

Нәтижесінде, ШҚТУ спортшылары Универсиаданың 1 күміс және 1 қола жүлдесін жеңіп алды. 

  • Артем Сизых 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруден 2 орын алды;
  • Ян Антоненко 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруден 3 орын алды.

Құттықтаймыз! Сіздер жақсы өнер көрсетіп, мықты екендеріңізді дәлелдедіңіздер! Алға ұмтылып, жаңа тұғырларды бағындыра берулеріңізге тілектеспіз!