4-ші  сәуір «1С-Рейтинг» ЖШС-де кәсіби іс-тәжірибе өткісі келетін білім алушылар үшін бірінші іріктеу кезеңі-тестілеу өткізілді. Қатысушылар «Ақпараттық жүйелер», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Математикалық және компьютерлік модельдеу», «Электрондық бизнес экономикасы», «Кәсіпорындағы есеп, талдау және аудит», «Өндірістік жүйелерді бизнес-басқару», «Экономика және менеджмент» білім беру бағдарламаларының 2-3 курс студенттері болды.

Сондай-ақ, білім алушылар 1С-Рейтинг өкілдерімен кездесіп және бейресми жағдайда өз сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік алды.

Мұндай іс-шаралар компаниямен танысуға және студенттерді өндірістік тәжірибеге және кейіннен жұмысқа тартуға бағытталған.

Барлық студенттерге тестілеуде сәттілік және екінші іріктеу кезеңінен – әңгімелесуден сәтті өтуін тілейміз!