Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты өкілдері ШҚО жас ғалымдарымен кездесті. Оған ШҚТУ, С. Аманжолов атындағы ШҚУ, ҚАЕУ жас ғалымдары мен Үлбі металлургия зауытының жұмысшылары қатысты.

Қатысушылар университеттің ғылыми орталықтарын аралап, олардың ғылыми-технологиялық әлеуетімен танысты.

Іс-шараның шымылдығын ШҚТУ ректоры, «AMANAT» партиясының ШҚО филиалы Әйелдер қанатының мүшесі Сәуле Рахметуллина ашып, жиналғандарға құттықтау сөз сөйледі. Шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ким Вера Александровна, «AMANAT» партиясының ШҚО филиалы төрайымы Сайрангүл Жұмаділова және Әйелдер қанатының жетекшісі Зарина Айдарханқызы қатысты.

Кездесуде жас ғалымдар өз зерттеулерімен бөлісті.

Кәсіпорын өкілдерімен өткен кездесуде «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жұмысшы мамандықтарының рөлі талқыланды. Депутат Ким Вера осы саладағы мәселелерге ерекше тоқталды.

Кездесу соңында жұмысшы мамандықтағы әйелдер «AMANAT» партиясы қатарына салтанатты түрде қабылданды. Бұл бастама өндірістегі әйелдердің рөлін арттыруға және олардың қоғамдағы белсенділігін нығайтуға бағытталған.

Іс-шара ғылым, өндіріс және партиялық саясатты тоғыстыра отырып, сындарлы диалог алаңына айналды. Бұл кездесудің нәтижелері еліміздің технологиялық және интеллектуалдық дамуына үлес қосары сөзсіз.