Ағымдағы жылдың 30 наурыз күні Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық университетінің “Алтын бесік” студенттік  клубының кезекті отырысы  Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Достық үйі -қоғамдық келісім орталығы» КММ-де өткізілді. Клуб жетекшісі, тарих магистрі, Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының оқытушысы Бошанов Қуаныш Серикжанұлы Достық үйі қызметкерлерімен бірге студенттерге экскурсия-баяндама жасады.

Клуб мүшелері (университет студенттері, Foundation факультеті, «Серпін» бағдарламасы) Қазақстан халық Ассамблеясының мұражайындағы өткен уақыттардан сыр шертетін құнды жәдігерлермен танысып, қоғамдағы татулықпен бірліктің дамуына өз үлестерін қосып жүрген әрбір этномәдени бірлестіктердің кабинеттерін жеке жеке аралап, ондағы қайталанбас әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрлерімен танысты.