2026–2027 оқу жылында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті аға буын өкілдеріне арналған бірегей әлеуметтік-білім беру жобасы - «Күміс университетін» жүзеге асыруды жалғастырады.

Жобаның мақсаты: егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға және әлеуметтік белсенділігін қолдауға қолайлы жағдай жасау.

«Күміс университеті» аясында келесі тегін білім беру бағдарламалары ұсынылады:

  • тіл курстары (ағылшын және қазақ тілдері);
  • арт-терапия;
  • цифрлық сауаттылық;
  • құқықтық негіздер және қаржылық қауіпсіздік;
  • сауықтыру бағыттары (фитнес, шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ).

Сабақтың басталуы: 2026 жылғы қазан

Өтетін орны: Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті

Қатысу және тіркелу мәселелері бойынша: Жантемирова Шынар Балғабекқызына хабарласыңыз, Г-1-207 кабинеті, Тел.: 8-775-753-2187.

Жаңа білім алып, денсаулықты нығайтып, белсенді әрі толыққанды өмір сүрудің жаңа мүмкіндіктерін бірге ашу үшін барлық аға буын өкілдерін жобамызға қатысуға шақырамыз!