Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті Сізді Алтай қаласының әкімі болып сайлануыңызбен шын жүректен құттықтайды!
Бұл сайлау - Сіздің кәсіби біліктілігіңіздің, тәжірибеңіз бен өңірдің дамуына деген адалдығыңыздың мойындалуы. Сіздің басшылығыңызбен қала гүлденіп, тұрғындардың өмірі одан әрі жайлы және әл-ауқатты болатынына сенімдіміз.
Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, алға қойған барлық мақсаттарыңызды жүзеге асыруда табыс тілейміз! Жаңа бастамаларыңыз сәтті болып, қоғам игілігі үшін атқарған еңбегіңіз жемісті болсын!
Құрметпен,
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің басшылығы мен ұжымы.