2025 жылғы 11-14 наурыз аралығында Федерико II атындағы Неаполь университетінде (Università degli Studi di Napoli Federico II, Италия) Erasmus+ ERASMUS-EDU-2023-CBHE «Дөңгелек экономика және тұрақты даму саласындағы инновациялық оқу бағдарламалары мен модульдерін әзірлеу - CirculEC» халықаралық жобасын іске асыру аясында оқыту семинарлары басталды.

Білім беру сессиясы Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстан елдерінен келген Орталық Азияның 10 университетінің өкілдерін біріктіреді. Жобаның грант иесі және үйлестірушісі болып табылатын Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті академиялық ынтымақтастықты белсенді дамытуын, білім беру арқылы орнықты даму қағидаттарын ілгерілетуін және осы бағыттағы өз ұстанымдарын нығайтуды жалғастыруда. Қатысушыларға Неаполь университетінің жетекші профессорлары құттықтау сөз сөйледі. ШҚТУ атынан CirculEC жобасының үйлестірушісі Мадина Юсубалиева қатысушыларға сөз сөйлеп, Орталық Азия мен Еуропалық Одақ университеттерінің тұрақтылыққа бағытталған білім беру шешімдерін бірлесе әзірлеудегі ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті.

Семинар бағдарламасы оқу үдерісіне дөңгелек экономика мен тұрақты даму қағидаттарын енгізуге, білім беру бағдарламаларын цифрлық трансформациялауға және халықаралық академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған. ESG қағидаттарын ескере отырып, пәндерді қайта қарау, оқу контентіне орнықты тәсілдерді енгізу және цифрландыру саласындағы үздік тәжірибелермен алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылуда.

Мұндай семинарлар тәжірибе алмасуға, ортақ стратегиялар әзірлеуге және тұрақты білім беру саласындағы халықаралық серіктестікті нығайтуға арналған маңызды платформаға айналуда. ШҚТУ өз академиялық әлеуетін арттыруды, Еуропа университеттерімен серіктестікті кеңейтуді және Орталық Азия үшін инновациялық білім беру күн тәртібін қалыптастыруға белсенді түрде үлес қосуды жалғастыруда.