2025 жылғы 13-20 шілде аралығында Қазақстанда техникалық бағыттағы білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін талапкерлерден құжаттарды қабылдау жүргізілуде. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті болашақ студенттерін - алғашқы талапкерлерін ерекше ілтипатпен қарсы алды: оларға университет өкілдері тарапынан шағын сыйлықтар табысталды.

Құжаттарды онлайн форматта eGov.kz порталы (Азаматтардың жеке кабинеті) арқылы немесе қабылдау комиссиясына барып, Серікбаев көшесі, 19 мекенжайы бойынша тапсыруға болады.

Сонымен қатар, құжаттарды қабылдау университет өкілдері арқылы Шығыс Қазақстан өңірінде және еліміздің оңтүстік аймақтарында: Түркістан, Шымкент, Тараз және Талдықорған қалаларында да жүргізілуде.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ болашақ студенттерін асыға күтеді және оларға елдің инженерлік элитасы болуға мүмкіндік береді!