Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыста 2024–2025 оқу жылының көктемгі емтихан сессиясының қорытындысы талданып, 2025–2026 оқу жылына арналған академиялық күнтізбелер, оқу процесінің кестелері, профессор-оқытушылар құрамының жылдық жүктемесін жоспарлау нормалары және ҚР ҒЖБМ Білім беру бағдарламаларының тізілімінен алып тастауға ұсынылған бағдарламалар тізімі бекітілді.
«Әртүрлі» бөлімінде келесі мәселелер қаралып, мақұлданды: «Қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағына үміткерлерді ұсыну. Ұсынылған кандидаттар: Ердыбаева Назгүл Қадырбекқызы, физика-математика ғылымдарының докторы,Ерболатова Гүлнара Уалхановна, PhD,Ескермесов Дидар Қайратұлы,PhD,Оналбаева Жанар Сағидолдинқызы, PhD, Рахымбердина Маржан Есенбекқызы, PhD,Тоғызова Маржан Мельсқызы, PhD. Бітіруші түлектердің қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша аттестациялық комиссия төрағаларының есептерін бекіту.Ааттестациядан өтетін ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің тізімін бекіту және оқу құралдарын бекіту.Білім алушыларды әлеуметтік қолдау шаралары туралы Ережеге өзгерістер енгізу. Ғылыми-техникалық кеңес және монографиялар шығару талаптары туралы Ережелерді қайта бекіту. «ШҚТУ хабаршысы» журналын тақырыптық серияларға бөлу және 2025–2026 оқу жылына арналған Ғылыми кеңестің жұмыс жоспарының жобасын талқылау.
Отырыс мазмұнды және іскерлік жағдайда өтіп, университеттің академиялық және ғылыми қызмет сапасын арттыруға бағытталған маңызды шешімдер қабылданды.