Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Басқарма Төрағасы - ректоры Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызының қатысуымен ректорат отырысы өтті.

Күн тәртібінде рейтингтік әлемдік басылымдарда ШҚТУ ғалымдарының жарияланымдарының өсуін арттыру туралы; "ШҚТУ хабаршысы" журналының ҚР БҒМ ұсынған КОКСОН базасына кіруі туралы; ШҚТУ қайырымдылық қызметін одан әрі іске асыру туралы мәселелер қаралды.

Ректорат барысында Басқарма мүшесі-ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Жадыра Түсіпқанқызы Қоңырбаева мен әлеуметтік-мәдени қызмет және жастар саясаты басқармасының бастығы Гүлнар Нұртасқызы Жаңабаеваның баяндамалары тыңдалды.

Баяндамашылар проблемаларды белгілеп, шешімдердің нұсқаларын ұсынды, университеттің пәнаралық ғылыми бағыттары арасындағы жарияланымдардың дәйексөзділігін арттыру тетігін әзірледі, журнал үшін қандай бағыттар басым екенін айтып, ЖОО - ның қайырымдылық қызметінде-жергілікті және республикалық деңгейде атқарылған жұмыстардың басымдылығы ерекше екенін атап өтті. Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері мен қызметкерлерінің қайырымдылық іс-шараларға қатысу деңгейінің жоғарылығын атап өтті.

Ректораттың ұсынымдары бойынша декандар мен бейіндік бөлімдер халықаралық зерттеу желісінің индексін және ШҚТУ профессорлық-оқытушылық құрамының дәйексөздер санын арттыру жөніндегі жоспарды әзірлеп, университет қоғамдастығы арасында қайырымдылық құндылықтарын қолдау жөніндегі жұмысты жалғастыруы тиіс.